Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Ақтөбеде 20 жастағы келіншек жоғалып кетті

Бір ай бұрын Көркем тұрмысқа шыққан. Жоғалып кеткен Көркем Мақсаттың фотосын туыстары әлеуметтік желі арқылы таратты.

20 тамыз күні шамамен кешкі 20:30-да келіншек Новыйдағы әпкесінің үйінен шығып, вокзалға жету үшін таксиге отырған. Ол Бершоғырға бару үшін Шалқар пойызына асыққан. Ақтөбеге екінші жоғары білім алу үшін құжат тапсыруға келген.

Қыздың туыстары хабарлағандай, такси жүргізушісі оны вокзалға дейін жеткізбеген, 5-ші мөлтекауданға жетпей, қала ішіне тастап кеткен. Көркем күйеуіне хабарласып, пойызға үлгермейтінін, қайтадан тәтесіне баратынын, автобус жүрмегендіктен такси ұстайтынын хабарлаған.

«Бірақ ол тәтесінің үйіне қайтып оралмады. Телефоны сөндірулі», – деді қыздың әпкесі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз