Ақтөбе қаласындағы сот “Ресейде террорлық актілер жасауға шақырған” радикалдық ислам өкілі делінетін кісіге қатысты қылмыстық істі қарап жатыр.
Ақтөбе қалалық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Абдраев А.Х. “Терроризмді насихаттау немесе террорлық акт жасауға шақыру” бабы бойынша істі болды.
Абдраевтың кінәсі дәлелденсе, ол бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.