Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақтөбе түлеп жатыр. Елбасы тапсырмасымен жастар жаппай бизнеске тартылды

Бәрінен бұрын бинес ашқысы келіп, мемлекеттің арзан несиесіне қол жеткізе алмай жүрген жастарға үлкен қолдау көрсетілді.

Нақты азаматтардың көкейкесті мәселелерін түсіну және жедел шешу үшін топ жергілікті әкімдіктердің өкілдерімен бірге осы күндерде Ақтөбе қаласының, Мұғалжар, Темір, Шалқар, Хромтау және Алға аудандарының тұрғындарымен кездесті, шағын және орта бизнес обьектілерінде болды.

Адамдарға, оның ішінде 909 кәсіпкерге бизнесті ашу механизмдері, шағын бизнес түрлері, инфрақұрылымдарға жол, қаржылай және қаржылай емес мемлекеттік қолдаулар туралы айтылды. Жекелей алғанда 167 кәсіпкерге кеңес берілді.

Істерін жаңадан бастаушы 85 жас кәсіпкер әйелге визаж және жарнама бойынша шеберлік класы өткізілді. Оларға бұл қызметпен шұғылдануға сертификаттар тапсырылды. 7 азаматқа жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге құқықтық ықпал жасалды. 2 бизнес жоба мақұлданды. 9 кәсіпкерден шағын несие алуға өтініш қабылданды.

Аталған аудандардың 28 селолық әкімі бизнес-идеялар туралы білім алып, ақпараттармен қамтамасыз етілді. Сонымен бір мезгілде жергілікті атқарушы органдармен бірге өңірдің әлеуметтік мәселелері де шешілуде.

Жұмыстың 10 күні ішінде Алға және Мұғалжар аудандарында топ 16 жұмыссызға жұмыс табуға көмектесті. Жұмыс берушілермен келіспеушілік туындауына жол бермеу мақсатында 21 ұжымның 1400-дей қызметкеріне еңбек құқықтары түсіндірілді.

Аз қамтылған және көп балалы отбасылардан 962 адаммен кездесу өтіп, оларға «Өрлеу» жобасына қатысу шарттары түсіндірілді, 47 адам көмек алды. Мәселен, Алға ауданындағы Бесқоспа селолық округінің тұрғыны Есеналина Гүлбануға көп балалы ана ретінде жасы келуі бойынша зейнетақы төлемін тағайындау жөнінен көмек көрсетілді.

Тұрғындардың денсаулығы мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. «Денсаулық» медициналық пойызының дәрігерлері аталған аудандарда 1830 адамды тексеруден өткізді, олардың арасынан 467 адамға тиісті емдеу жасалу үшін медициналық мекемелерге жолдама берілді. Алдын ала тексерумен 1942 мектеп оқушысы қамтылды, олардың арасынан 271-і сауықтыруға жіберілді.

Астана және Алматы қалаларынан келген жетекші дәрігерлер 2,5 мың азаматты қабылдады, олардың 155-не көмек көрсетілді. Атап айтқанда, бір күн бұрын «Денсаулық» медициналық пойызының мамандарына ішінің өткір ауыруына байланысты шағымданған Наталья Төлемісоваға операция жасалды. Сырқаттың жағдайы қанағаттанарлық. Осы дәрігерлер орталық аудандық аурухана базасында 2 жергілікті тұрғынға операция жасады (өспелі гематомаға байланысты бас сүйегі ішіне операция жасау, жұлын жарақатынан соң қуық қалбыршағының әлсіреуі).

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, ведомоствоаралық топтың жұмыстарының басқа бағыттары бойынша да патриотизмді көтеру, отбасылық құндылықтарды, ұлтаралық келісімді нығайтуға бейімдейтін ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Күн сайын әртүрлі аудитория алдында министрліктердің тәжірибелі басшылары, теологтар мен психологтар сөз сөйлейді. Негізінен, теологтар және дінтанушылар 11,6 мыңнан астам адамға экстремизм идеологиясының мәнін түсіндірді.
Мектеп оқушыларына, студенттерге, кәмелетке жасы толмағандар инспекциясында есепте тұратын балаларға радикалдардың жас адамдарды өз қатарына қалай тартатыны, олардың идеологиясы жастарға қалай әсер ететіні, тыйым салынған қызметтерге қатысқаны үшін қандай жауапкершілік туындайтыны түсіндірілді.

14 үлгілі имамды дайындап, мешітке 4 жаңа имамды тағайындау, 3 мешітті дінге сенушілер үшін үлгілі және ашық етіп жасау жоспарлануда, оның ішінде қайыр-садақаларды ашық санау да жүзеге асырылады.

Ақтөбе қаласында «Үлгілі мешіт» ретінде «Қабақ баба» мешіті 150 діни сенімдегі адамдарға таныстырылды.
Аймақтың діни қызметкерлері санасында мешіт қызметкерінің үлгі боларлық тұлғасын қалыптастыру мақсатында «Имамның бір күні» атты бейнеролигі беріледі.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз