Ақтөбе облысының тұрғыны іздеу жарияланған қылмыскерлер ішінен өз суретін көріп, шошып кеткен

84 просмотров

Ақтөбе облысының тұрғыны әлеуметтік желі мен WhatsApp арқылы тараған іздеудегі қылмыскерлер ішінен өз суретін көріп, шошып кеткен. 19 адамның тізімі ішіндегі Самат Қожаниязов ауыл мектебінде жұмыс істейтіні, Ақтөбедегі қайғылы оқиға орын алғанда облыс орталығынан тыс өз ауылында болғаны белгілі болды.

Today.kz дерегіне сүйенсек, 43 жастағы Самат Қожаниязов Ақтөбе облысы, Мұлғалжар ауданы, Жағабұлақ ауылының тұрғыны ауылдық мекетпте слесар-сантехник болып жұмыс істеп келген. Ал оның әйелі жергілікті емханада медбике екен.

— Бұл негізсіз ақпарат. Мен әкім мен учаскелік полициямен сөйлестім. Өзім түсініктеме жаздым. Барлығы қазір реттелді. Ол кезде мен үйде болғанмын, біз ас беріп жатқанбыз. Менің жүрегім ауырады. Отағасымын, үш балам бар. Әкімдік өкілі мен жергілікті полция ақпараттың жалған екенін растады.

Менің суретіме жасалған фоторобот сәйкес келіп қалған секілді. Оны қалай жасайды, мен білмеймін. Менің қазір басым ауырып кетті. Мен ауылда тұрамын, Ақтөбеде болмағаныма үш ай болды, — дейді Самат Қожаниязов.

Бүгін ел тұрғындары қаза болған боздақтарды аза тұтып жатыр. Кеше қалада қаза болған бейбіт тұрғындарды ақтық сапарға шығарып салды. Құқық қорғаушылар іздеу жарияланған 6 күдіктіні тапқан адамға сыйақы тағайындалатындығын айтты.

Жалпы, ҚР аумағы бойынша террорлық қауіптің сары деңгейі белгіленді.

Загрузка...