Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Ақтөбе облысының Ойыл ауданы көгілдір отынмен қамтылды

Алдағы уақытта Ойыл ауданы орталығының 6 мың тұрғыны мен 60-қа жуық коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысаны бағасы арзан көгілдір отынға қол жеткізеді.

«Облыстың елді мекендерін газдандыру үшін кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Соның бір саласы – Ойыл ауданы. Аудан орталығына келген газ халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартып, бизнестің дамуына ықпал етеді деп сенеміз. Бұл – «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-тың ел егемендігінің 25 жылдығына арнаған тартуы. Газ – экологиялық таза, үнемді. Көмірден 4-5 есе арзан. Енді пайдалану жолын білу керек. Дабыл жүйесін қондыру маңызды»,- дейді компанияның облыстық филиал директоры Аманжол Тәжіғалиев.

Айта кетейік, қараша айында Ырғыз ауданына газ барады. Ақтөбе облысының барлық аудан орталығы жыл соңына дейін газбен қамтамасыз етілмек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз