Алматыдағы оқиғаларға байланысты Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы қызмет етудің күшейтілген режиміне көшті.
„Ақтөбедегі барлық қару дүкендері жабылып, бақылауға алынды„, деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті.
Барлық мемлекеттік және стратегиялық нысандар бақылауға алынып, күзет күшейтілген режимге көшті.
Қоғамдық тәртіп пен адам көп шоғырланған жерлерде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полиция жасақтарының саны біршама көбейтілді.