Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақтөбе облысының әкімі бизнесті дұрыс несиелендірмей жатқан басшыларды сынға алды

Индустриаландыру бағдарламасы бойынша өңірде жүзеге асуы тиіс 6 жобаны қадағалау — басты міндет екенін айтқан облыс басшысы өңірдегі жалпы бизнесті несиелендіру жайына көңіл бөлді. Мемлекет шағын несие беру арқылы қолдау көрсетіп отырғанда оны игеру, қолынан іс келетін азаматтарды тарту, халықты ақпараттандыру жұмысы жүрмей отыр деп облыс әкімі орынбасарлары мен басқарма басшыларын қатаң сынады.

— Біздің облысқа шамамен 6 миллиард теңге шағын несие алдық. Ал оның игерілуі бүгінгі таңда тек 40 пайыз ғана. Кім бақылау керек? Ақша болмаса, сыныққа сылтау іздер едік. Мемлекет қолдап тұр, ақша беріліп жатыр. Былтырғы жылмен салыстырғанда 3 есе көп қаражат алып отырмыз шағын несие беру үшін. Берілген тапсырманы неге менің орынбасарларым бақыламайды, неге басқарма басшылары орындамайды? — деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз