Бүгін Ақтөбе облысының ІІД-нің жаңа бастығын жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенант Марат Демеуов таныстырды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ақтөбе облысының ІІД бастығының лауазымына полиция полковнигі Махамбет Абисатов тағайындалды.
Абисатов Махамбет ҚайыржанұлыАлматы қаласында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1983 жылы бастаған. 1987 жылы ҚР ІІМ Қарағанды жоғары мектебін тәмамдаған.
Жаңада тағайындалған облыс полицияның басшысына Марат Демеуов оның кәсіби және жеке қасиеттерін атап көрсете отырып, жемісті еңбек тіледі.