Ақтөбе облысы әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің алғашқы отырысында жастарды жұмыспен қамту мәселелері талқыланды. Осы жиында Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданына қарасты шалғай ауылда балалар үйінен шыққан қызды құлдықта ұстаған факті туралы айтылды.
Бұл туралы aktobenews.kz хабарлайды.
— Осыдан 3 күн бұрын Жем қаласына (Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы) қарасты шопан ауылдарының бірінде қыз бала табылды. Аудандық мәслихаттың депутаты хабарлады. Бұл қыз Жайсаң балалар үйінде тәрбиеленген екен. Оны құлдықта ұстағандай етіп, жұмсап отырған көрінеді. Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысына хабар берілді. Сіз де бұл мәселені жеке қадағалауға алуыңызды сұраймын, — деді облыс әкімінің іске араласуын өтінген облыстық мәслихаттың депутаты.