Ақтөбе облысында адам қағып өлтірген ауыл әкімі қандай жаза алды?

123 просмотров

Ақтөбе облысында адам қағып өлтірген ауыл әкіміне қатысты сот үкімі шықты. Кеңқияқ елді мекенін басқарған Нұрлыбек Қалмағанбетов енді бес жыл өмірін түрмеде өткізетін болады.

Бұл туралы КТК хабарлайды.

Ол осыдан жарты жыл бұрын жол жиегінде тұрған көлікті соғып, жанындағы екі жігітті басып өткен. Соның салдарынан 21 жастағы Әділхан Қуанышалин оқиға орнында қаза тапты.

Ең сорақысы, соның алдында шенеунік көлік айдау құқығынан айрылған екен. Онымен қоймай сол күні мас болыпты. Әйтсе де, алғашқыда ішімдік ішпегені туралы жалған анықтамамен құтылып кетпек болған еді.

Бірақ кейінгі сараптама оның өтірігін шығарды. Сотталушы өз кінәсін ақыры мойындамады. Әйтсе де, судья оны бас бостандығынан айырып қана қоймай, жеті жылға көлік айдауға тыйым салды. Сонымен қатар, марқұм болған жігіттің отбасына 2 миллион  теңге моралдық шығынды өтейді.

f9d1549c0f5e9954116bae0e20c0eb31

Загрузка...