Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақтөбе облысында 17 әйел алимент төлейді

111

Жеке сот орындаушылары Ақтөбе облысында 2600-ден астам адамнан алимент өндіруі тиіс. Оның 17-сі әйел.

Облыстық жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасының басшысы Жанна Омарова:

«Біз үшін облыстағы 17 әйелдің өзі көп. Қабылдауға екі ер адам келіп, әйелінің «жұмыс істеймін» деп өзге қалаға кетіп қалғанын, кейін мүлде хабарсыз кеткенін айтты. Олардың жағдайы қиын еді. Бәрінің де 2-3 баласы бар. Сондықтан алиментті тек әкелер емес, аналар да төлеп жатыр» – дейді.

Қазір алимент берешегі 154 млн теңгеден асты. Жыл басынан бері бар болғаны 16 млн теңге өндірілді.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысында «Алимент төле» акциясы жүріп жатыр. Алдын ала анықталғандай, өңірде 400-ге жуық борышкер жұмыссыз болып табылады. Жеке сот орындаушылардың өңірлік палатасы 130-дан астам борышкерді жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз ретінде есепке қою туралы ұсыныс берген.

«232 борышкерге қатысты ел аумағынан шығуға уақытша шектеу қойылды. Олар – 3 айдан 1 жылға дейін алимент төлемегендер. Берешектері – 54 миллион теңгеден асады. Ал алимент төлеуден бас тартқан 8 борышкер 3 тәуліктен 5 тәулікке дейін қамалды», – дейді жеке сот орындаушысы Қайрат Таңқаев.

Ақтөбе облысында 54 жеке сот орындаушысы бар. Жыл соңына дейін олардың қатары тағы 19 қызметкерге толығады.

Халық арасында жеке сот орындаушылар қызметі ақылы деген теріс ұғым қалыптасқан. Жеке деп айдар тағылғанымен, олар өз жұмыстарының ақысын борышкерден өтейді, ал арызданушы тек қажетті қаржыны уақтылы өндіріп алады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз