Ақтөбе аэродромына әскери ұшақтар қонатын болады

28 просмотров

Ақтөбеде әскери ұшақтар жергілікті аэродромға қонбақ.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық әкімдігі жанындағы «Ақтөбе-ақпарат» орталығы хабарлады.

Талғат Бигельдинов атындағы әскери-әуе күштері әскери институтының бастығы Мұрат Қажымұратовтың айтуынша, ҚР әскери әуе күштерінің транспорттық және жауынгерлік авиациясы Ресей Федерациясының аумағында «АРМИЯ-2016» халықаралық әскери жаттығуларына қатысады.

Осыған байланысты жауынгерлік ұшақтар Ресей Федерациясына ұшу кезінде 2016 жылғы 20 және 26 шілде аралығында «Ақтөбе» аэродромына қонады.

Әкімдік халық арасында жалған ақпарат тарап, дүрлігу туындамас үшін жергілікті тұрғындарды әскери ұшақтардың «Ақтөбе» аэродромы арқылы жоспарлы түрде ұшатыны туралы алдын ала хабардар етуді жөн көрген.

Загрузка...