Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
0
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Ақша ұрлап, несиесін жапқан Қазпоштаның аудандық желісінің бастығы ұсталды

„Қазпошта„ АҚ-тың Ақмола облыстық филиалына қарасты Астрахан аудандық желісінің бастығының әшкереленген бұл қылмысы оның орынбасарын, бас есепшіні, және касса меңгерушісін қоса іле кетті.

– Олар 2013 және 2015 жылдары қызметтік бабын асыра сілтеп, өтірік есеп-қисап түзіп, ақша ұрлаған. Бір-бірінің артын жабу арқылы ақыры кассадан 21 миллион теңгеден астам ақша қолды болған. Ол ақша несие өтеуге және басқа да қажеттіліктерге жұмсалған, – дейді Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз хатшысы Нұрлан Ысқақов.

Аудандық желі қызметкерлері сот алдында да жауап берді.

„Қылмыстық жолмен табылған мүліктер тәркіленіп, бұрынғы бастық пен оның орынбасарына 7-ден 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы кесілді. Бас есепші мен касса меңгерушісі 7 жыл шартты жазаға тартылды. Барлық сотталушы мемлекеттік органдар мен мекемелердегі мемлекеттік қызмет ету құқығынан айырылды„ – дейді Ысқақов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз