Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ақша Қазақстаннан сыртқа ағып жатыр

2016 жылғы қаңтар-наурызда Қазақстанға құйылған таза шетелдік тікелей инвестициялардың ағыны $2 675,1 млн (инвесторлардың қарыз құралдарына құйған салым көлеміндегі тиісті өзгерістерді және олардың компания капиталына қатысу мөлшерін ескере отырып) деңгейінде тіркелген.

Солай десек те,

қазақстандық инвесторлардың шетелге шығарған тікелей инвестицияларының жалпы ағыны $687,8 млн деп бағалануда

2014 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда, ол 3,1 есе артқан, алайда жылдық салыстыруда 1,3 пайызға азайған. Тікелей инвестициялардың шетелге кетуі $59,3 млн-нан аспайды.

r1

Шетелдік инвестициялардың ҚР-ға келуі және кетуі

Есептік мерзімдегі таза шамада

Қазақстанға құйылған таза тікелей инвестициялар шетелге құйылған таза тікелей инвестициялардан $2 615,8 млн-ға асып түсті

2016 жылғы наурыздың соңындағы жағдай бойынша, Қазақстанға құйылған тікелей инвестициялардың қорланымы $121 318,1 млн-ды құрады, ал шетелге құйылған тікелей инвестициялар – $24 079,4 млн болды.

r2

Қазақстанға салынған тікелей инвестициялар шетелге салынған инвестициялардан $2 615,8 млн-ға артық болды.

Шетелдіктерді тек мұнай қызықтырады

Қазақстанға құйылған шетелдік тікелей инвестициялардың жалпы ағынының негізгі үлесі геологиялық барлау мен іздестіруге ($1 511,8 млн), сондай-ақ тау-кен өндірісіне ($1 163,2 млн) тиесілі болған. 2016 жылғы қаңтар-наурызда өңдеу өнеркәсібіне сомасы $509 млн жалпы тікелей инвестиция құйылған.

r3

Қазақстанға құйылған негізгі инвестициялардың негізгі үлесі — геологиялық барлауға тиесілі

Өзіміз көріп отырғандай, шетелдік инвестициялардың үштен бір бөлігі өндіру саласына тиесілі. Алайда бұдан да ащы цифрлар бар — олар Қазақстанда ШТИ есебінен жаңа жұмыс орындарын ашу. Дүниежүзілік банктің мәліметтері бойынша,

Қазақстанда тіркелген шетелдік компаниялардың үлесіне еңбекке тартылған барлық адамдардың тек 7 пайызы ғана тиесілі

Абсолюттік өлшемде бұл, шамамен 238 мың жұмыс орны. Бұл жерде де жұмысқа тартылғандардың басым бөлігі (27%) өндіру саласында жұмыс істеп жатқан шетелдік фирмалардың үлесінде. Өндірісте бұл көрсеткіш, орташа есеппен, 17 пайыз, кәсіби қызмет көрсетуде – 17 пайыз, қаржы – 13 пайыз, іскерлік ортада – 16 пайызды құрайды.

Елдік шамада

отандық мұнай-газ саласына тікелей инвестициялар құю есебінен Қазақстанның басты инвесторы Нидерланды болып отыр

Нидерландыдан келіп түскен тікелей инвестициялар ағыны ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында $1 604,5 млн-ды құрады. Оның артынан ерген АҚШ және Швейцария елеулі артта қалған – олардың құйған тікелей инвестицияларының жалпы ағыны тиісінше, $875,5 млн-ды және $527,3 млн-ды құраған.

Мақаланың түпнұсқасын 365info.kz сайтынан оқыңыздар

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз