Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

АҚШ жазалаған Германияның ірі банктерінің жағдайы нашарлап барады

Жағдайдың былай қалыптасуына екі нәрсе себеп болды: бірі – клиенттердің белсенділігінің төмендеуі, екіншісі – реттеуші органның қаржы операцияларын қатаң бақылауға алуы.

Бұдан ары жағдайдың ушығып кетпеуі үшін банк басшылығы жаппай қайта құрылымдау шарасын өткізуді ұсынды. Бірақ бұл шарадан банк қызметкерлері жапа шегеді. 10 мыңдай адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Дивидендтерінен айырылатын акционерлерге де зардабы тиеді. Ал Commerzbank 1 млрдтан астам еуросын үнемдейді.

Ричард Хантер, Wilson King инвестиция және менеджментті зерттеу орталығының жетекшісі:

– Көптеген Еуропалық банк сынды немістің банктері де де қазір қысым көруде. Қарсы шаралар қабылданған жағдайда көптеген банк қызметкері жұмысынан айырылады. Жаппай жұмыстан босату және қайта құрылымдау қажеттілігі сөз болғаннан кейін банктің акциялары шамалы көтерілді. Бұл – нарықтың уақытылы және орынды әрекет етуінің белгісі.

Дегенмен, жалпы ахуал банктердің қаншалықты қиын жағдайға түскенін айғақтайды. Германияның ең ірі қаржы институты Deutsche Bank те қазір қиын жағдайға тап болды. АҚШ банкті 2008 жылы ипотекалық несиелерге байланысты күмәнді операцияларды өткізді деп айыптап отыр.

АҚШ Әділет министрлігі бұл операциялар дүнижүзілік дағдарысқа әкеп соққан себептердің бірі деген пікірде. Дегенмен, олар Deutsche Bank басшылығы 14 млрд доллар өтейтін болса, тергеуді тоқтатып, келісімге жетуге болатынын айтты.

Мартин Егер, Германия қаржы министрлігінің өкілі:

– Қазір Deutsche Bank-ке көмек беру жайлы түрлі қауесеттер тарап жүр. Тіпті, бізді жәрдемдесу жоспарын дайындап жатыр деген сөз де бар. Бірақ оның бәрі шындыққа жанаспайды. Германия мемлекетінің Deutsche Bank-ті құтқару жоспары да және ондай ойы да жоқ.

Бүгінде Deutsche Bank акциялары 8 пайызға төмендеген. Ал қаржы институты қызметкерлерін жаппай жұмыстан босатуды жақын күндері бастайды. Алғашқы лек бойынша 30 мың адам жұмыстан қысқарады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз