АҚШ Қырым татарларына тағы да қолдау білдірді

62 просмотров

АҚШ Ресей аннексиялап алған Қырымдағы жергілікті татарлар меджлисінің «Ресей территориясындағы» қызметіне салынған тыйымды қуаттаған Ресей Жоғарғы соты қаулысын заңды деп танымайды.

Бұл туралы Азаттық жазады.

Вашингтон Ресейдің меджлисті «экстремистік» ұйым деп сипаттауымен келіспейді және меджилстің қызметіне тыйым салуды айыптайды. Вашингтондағылар Ресей Жоғарғы сотының қаулысының Қырым татарларына деген ресейлік билік орындарының «әділетсіз және жүйелі» іс-әрекеттері аясында қабылдануы «өте қобалжытатынын» айтады.

АҚШ мемлекеттік департаменті мәлімдемесінде Қырымның байырғы тұрғындарының жөн-жосықсыз тұтқындалып, ұрланатыны, саяси астар бойынша қуғын-сүргінге ұшырап, олардың үйлері мен мешіттерге билік полиция рейдтерін жүргізетіні айтылған. «Ресейді жол беруге болмайтын мұндай іс-әрекеттерді дереу доғаруға шақырамыз» делінген мәлімдемеде.

Мемлекеттік департамент өкілі Марк Тонер Ресейдің Қырымды аннексиялап алуын Вашингтонның мойындамайтыны туралы және Украинаға Қырымды қайтарып беруге Мәскеуді шақырған АҚШ-тың бұған дейін де бірнеше мәрте жасаған мәлімдемесін қайталаған.

150529074737_crimean_tatars_624x351_epa

Загрузка...