АҚШ Қырғызстанда теракт болуы мүмкін дейді

64 просмотров

Қырғыздың мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті (МҰҚК) АҚШ-тың Қырғызстандағы елшілігінің тұрғындарды бұл елде теракт болуы мүмкін екендігі туралы хабардар етуін тексеріп жатыр.

Комитеттегілердің айтуынша, елшіліктегілер арнайы қызметке бұл туралы ешқандай мәлімет бермеген. Тексеру баспасөзде жарияланған мәлімдемеден соң басталды.

Тексеру жүргізуге Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі де қосылғаны белгілі болды. Бұған дейін елшіліліктегілер Қырғызстанда қазан айында террорлық шабуыл туралы мәлімет алғанын хабарлады. Жергілікті билік пен шетелдік дипломаттарға қарсы жасалатын шабуылдар кезінде адамдарды ұрлап әкетіп, кепілдікке алуы мүмкін деп хабарланды.

«АҚШ азаматтарына тікелей қауіп төніп тұрмаса да, Елшілік Қырғыз Республикасында тұратын немесе осында қыдырып келген АҚШ азаматтарына сақ болуын ескертеді», — делінген хабарламада.

7ef22906-d96e-4a2d-891d-5b6505252f31_w987_r1_s

Загрузка...