АҚШ тілшісі: Мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы білемін

31 просмотров

Рио-де-Жанейро Олимпиадасына келген АҚШ журналисі Геннадий Головкиннің фанаты екен.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Олимпиадалық қалашықта Қазақстан тілшілерінен бөлек, өзге де елдерден келген журналистер де қызу жұмыс жасап жатыр.

Киіп жүрген формасынан-ақ қазақстандық тілшілерді жазбай таныған шетелдік журналист, “мен Қазақстанды Геннадий Головкин арқылы жақсы білемін” деп пікір білдіріпті.

Артынша, ол телефонынан Генамен бірге түскен суретін көрсетіп, әркез қазақстандық спортшыға жанкүйер болатынын да айтқан.

Загрузка...