Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

АҚШ-та қазақстандықты атып тастаған полиция қызметкеріне қатысты сот басталды

Америкалық полицей Стивен Рэнкинге үкім шығаратын алқа билер соты 12 адамнан: жеті әйел мен бес ер адамнан тұрады.

Рэнкин 2015 жылы Портсмут қаласының 18 жастағы тұрғыны Уильям Чэпменді, ал 2011 жылдың сәуірінде қазақстандық Кирилл Денякинді атып тастаған. Бірінші кісі өліміне қатысты полицейден барлық айып алынып тасталған болатын.

Рэнкин өзіне тағылған айыпты мойындамады. Оның сөзіне қарағанда, Чепмен оны ұстау кезінде қарсылық көрсеткен. Ол жасөспірімді ұстап жатқанда оның беті мен кеудесіне оқ атқан. Екеуі бір минуттай арпалысқан. Полицейдің сөзіне қарағанда, Чэпмен оның электрошокерін тартып алыпты. Қайғылы оқиға түсіп қалған видео алқа билер сотына ұсынылды.

Алқа билер соты бұрынғы америкалық полиция қызметкерін ақтай алады немесе қасақана кісі өлтіруге кінәлай алады немесе қылмысты бірінші дәрежелі қылмыс, екінші дәрежелі қылмыс деп бағалай алады. Тергеп-тексеру кезінде ккі құрбанның да қарусыз болғаны анықталды.

Егер алқа билер соты оқиғаны бірінші дәрежелі кісі өлтіру деп тапса, Рэнкинді екінші рет ақтап алады.
Қазір америкалық полиция қызметкерінің құрбаны – Кирилл Денякиннің анасы Елена Денякина АҚШ-та. Ол сот процесіне қатысу үшін 6 мың миль жолды артқа тастаған.

The Guardian басылымы әділдік іздеген аналар – Елена Денякина мен Салли Чепменнің кездесу сәтін суретке түсіріп алды.

Елена Денякина америкалықтың анасына көңіл айтып, осындай қайғылы оқиғаның қайталанғанына өкініш білдіретінін айтты.

Айта кетейік, «Work and Travel» бағдарламасы бойынша Портсмуттағы қонақ үйлердің бірінде аспаз боп жұмыс істеген 26 жастағы қарағандылық 2011 жылдың 23 сәуірінде қаза тапты. Полиция қызметкері Стивен Рэнкин оны тонаушы деп ойлап, оқ атқан.

Сол кездегі сот ішімдікке мас күйінде, қалтасына қол салған Денякиннің өзі кінәлі екенін, полиция қызметкерінің өзін қорғау мақсатында оқ атқанын айтқан. Айтпақшы, полицей Рэнкин Денякинге 11 оқ жұмсаған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз