АҚШ-та Қазақстандағы ашаршылық туралы кітап жарық көреді

211 просмотров

Шетелдік ғалымдар үшін Қазақстан тарихы өте қызықты, өйткені оның ашылмаған, әлі айтылмаған тұстары өте көп.Бұл туралы ҚР Президенті мұрағатында өткен конференцияда америкалық зерттеуші Мария Блэквуд мәлім етті деп хабарлады ҚазАқпарат.

— Осындағы мұрағаттың мәліметтер базасына сүйеніп жазылған ағылшын және неміс тілдерінде бірнеше кітап бар. Ашаршылық туралы Германияда жазылды, АҚШ-та Сара Кэмерон деген тарихшы бар, оның кітабы биыл жарық көреді. Екі автор да Қазақстандағы ашаршылық туралы жазады. Олар көптеген тың мәлімет тапқан, — деді Мария Блэквуд.

Мария Блэквуд қазір тұңғыш қазақ большевиктері, өткен ғасырдың 20-30-шы жылдарғы саяси элита туралы диссертация жазып жатыр. Ал оның диплом жұмысының тақырыбы Алашорда қайраткерлеріне арналған екен.

— Ғалымдардың Қазақстан тарихына қызығушылығын туғызу өте оңай. Өйткені онда жасырулы дүние көп, тарих та тек Қазақстанмен шектеліп қалмайды. Мен мұнда Алматы мұрағаттарында, Мәскеудегі Кеңес одағының орталық мұрағатында жұмыс істедім. Ол арадан да Қазақстанға қатысты көп материалдар тауып алдым, — дейді ол.

Загрузка...