АҚШ Түркиямен шекаралас аудандардағы содырларды әуеден соққылады

18 просмотров

Сирия-түрік шекарасы аумағындағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобының бекіністерін америкалық ұшақтар бомбалай бастады.

Бұның алдында түрік әскерінің танктері мен авиациясы сирия шекарасын кесіп өтіп, сириялық қарулы оппозиция күштерімен бірге ИМ содырларын ығыстыруға талпынды.

Сириялық күрдтердің Демократиялық одағы партиясының әскери қанаты — Халықтық өзін-өзі қорғау отрядының ресми өкілі Редур Халиль Түркияның Сирияға әскермен кіруін «ашық агрессия» деп атады. Анкара болса сириялық Демократия одағы түркиялық күрд сепаратистерін қолдайтындықтан, ол Түркияға қауіп төндіреді деп есептейді.

Сәрсенбі күні Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу Сириялық демократиялық күштер құрамында соғысушы күрдтерді Евфраттың оң жағалауына ығысуға шақырды. Жақында сириялық күрдтер оң жағалаудағы Манбидж қаласын басып алған еді. Осы ұсынысты Анкараға сапармен барған АҚШ вице-президенті Джо Байден де қолдады.

Байденмен келіссөздерден соң, түрік премьер-министрі Банали Йылдырим Сирияда қандайда бір күрд аумағының пайда болуына «жол жоқ» деп мәлімдеді.

79C5521A-4AFB-4442-B534-C1EAF2E206E4_cx0_cy6_cw0_w987_r1_s_r1

Загрузка...