АҚШ Ресейдің Алепподағы «гуманитарлық мисиясына» алаңдайды

72 просмотров

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейдің Сирияның Алеппо қаласындағы «жаппай гуманитарлық операциясына» алаңдайды. Олардың ойынша, Мәскеу қоршалған қаладағы содырлардың берілуін талап етіп, бейбіт тұрғындарды күштеп шығармақшы.

28 шілдеде Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгу ресейлік және сириялық әскер Алеппода бейбіт тұрғындарды шығарып алу үшін гуманитарлық дәліз ашады деп мәлімдеген.

Министрдің сөздерінше, үш дәліз және бір медициналық көмек беретін орын ашқан.

Сирия әскері қаланы қоршауды күшейтті. Онда кемінде 250 мың бейбіт тұрғын бар. Кейбір тұрғындар қаланы тастап кетуден бас тартқан. Себебі олар қаладан шығу кезінде шабуыл жасалынып, күл-талқан болуымыз мүмкін деп қауіптенеді. Дамаскіде Сирия президенті Башар Асад жақында көтерілісшілерге егер үш айдың көлемінде өздігімен берілетін болса, рақымшылық жасаймын деп уәде берді.

Загрузка...