Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

АҚШ Ресей мен Қытай үгіт-насихатымен күреспек ниетте

4246800

„Шетелдік үгіт-насихат пен ақпаратты бұрмалаушыларға қарсы қолданылатын бұл заң жобасы„ Мемлекеттік департаменттен Ақпараттық сараптау және әрекет ету орталығының ашылуына бағытталған. Ол ақпараттық соғыстың қалай ойысып жатқанын сараптап, бұрмаланған ақпараттарды дер кезінде әшкерелеп отырады. Негізінен, бұл орталық АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қарсы бағытталған үгіт-насихатқа айырықша назар аударады„ дейді заң шығарушы өкіл.

Өз баяндамасында Кинцингер: „Ресей мен Қытай әлемдегі америкалық бастамаларға қатысты барлық ақпаратты бұрмалап береді„ деп топшылайды. Оның пікірінше, Мәскеу түрлі алып-қашпа ақпараттарды таратумен әлі де айналысып келеді.

„Олар (Ресей), мәселен, Укарина сынды елдерде АҚШ-тың мүддесін таптап жатыр, тұрақсыздықтың жалғасуы үшін де осылай етеді. Ресей мен Қытай гибридті әскери майдандарға қатысуда, сондықтан АҚШ-тың мұндай шетелдік алаяқтыққа еркін де шынайы ақпарат тарату арқылы соққы беруіне үлкен мүмкіндік бар. Бұл болашақта көптеген жердегі шиеленістерді шешіп, тұрақтылықтың да кепілі болуы әбден мүмкін„ дейді ол.

Аталған заң жобасына бүгіндері 10 конргессмен қолдау білдірген.

Осыған дейін Балтық жағалауы елдерімен қатар, бірқатар посткеңестік мемлекеттер Ресейдің жалған үгіт-насихатынан қорғауды сұрап, Еуропалық одақтың комиссиясына шағымданғанын еске сала кетелік. Әсіресе, шағымдар Украинада тұрақсыздық басталған кезде үдеген.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз