АҚШ президент сайлауына Ресейдің килігуін тексеріп жатыр

32 просмотров

Америкалық барлау қызметі мен құқық қорғау органдары Құрама Штаттардағы саяси институттардың, америкалықтардың сайлау процесінде сеніміне кірген Ресейдің арнайы құпия қызметінің масштабын тексермекші.

ФБР Демократиялық партия Ұлттық комитетінің компьютерлер желісіне жасалған хакерлік шабуылды зерттеп жатыр. Одан 20 мың қызметтік құжат, Иллинойсте сайлау кеңесінің компьютеріндегі сайлаушылардың тізімі ұрланған. Аризонадағы сайлау кеңесінің компьютеріне де кибершабуыл жасалмақ болған. Америкалық сарапшылардың пайымдауынша, бұл істердің артында ресейлік хакерлер тұр.

БАҚ-тың жазуынша, Кремльдің мақсаты — сайлау барысына ықпал жасау емес, сайлау кезеңінде хаос туғызып, өзінің халқы алдында америкалық сайлау процесін масқаралау.

Американың беделді заң институттары АҚШ президенті Барак Обаманы Ресейдің әрекетін жариялы түрде айыптауға шақырды. Обама әкімшілігінің өкілдрі әзірге АҚШ -тың жауабы қандай болу керек екенін шешпедік дейді.

1460590856_p

Загрузка...