Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

АҚШ пен Ресей соғысқалы жатыр ма?

“Құрлық күштеріне қауіп төндіреді деп есептесе, олар америкалық ұшақтарды атып түсіруден тайынбайды деп ойлаймын”, – деді Нью-Йоркте Сыртқы саясат жөніндегі кеңесте сөз сөйлеген Клаппер. Ол Сирияға орналастырылған ресейлік зенитті-зымыран кешендерін қазіргі заманның тиімді қаруы деп атады. Оның айтуынша, мұндай қаруды қолданудың қажеті болмаса, Ресей оларды Сирияға орналастырмас еді.

Сирияда ұшақсыз аймақ жасау идеясын АҚШ президенті Барак Обаманың айналасындағылар және америкалық баспасөз қызу талқылап жатыр.

Демократиялық партия атынан АҚШ президенттігіне үміткер Хиллари Клинтон мұндай жүйені Ресеймен ақылдасып барып Сирияда құрған жөн деп есептейді. Оның пікірінше, осындай шара қолдану арқылы бейбіт тұрғындарды қорғап, аймақтағы жанжалды доғаруға болады.

Сарапшылар сириялық оппозицияға қару жеткізуді осыған балама ретінде Пентагонға ұсынып отыр. Бірақ президент Обама мұндай идеяны әзірге мақұлдауға дайын емес.

maxresdefault-3

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз