АҚШ Конгресі президент ветосын жойды

34 просмотров

АҚШ конгресі ел президенті Барак Обаманың 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі терактілерге байланысты Сауд Арабиясына қарсы сотқа арыз беруге болады деген заң жобасына қойған ветосының күшін жойды.

Ветоны алып тастауды қолдап 348 конгрессмен дауыс берсе, 77-сі қарсы болған. Сенатта 97 адам қолдап, тек біреуі ғана қарсы дауыс берген. Енді заң жобасы күшіне енеді.

Үстіміздегі жылдың 23 қыркүйегінде АҚШ президенті Барак Обама Конргесс қабылдаған заң жобасына вето қойған. Бұл заң жобасына сәйкес, 2001 жыл 11 қыкүйектегі Нью-Йорктегі терактілер құрбандарының туыстары Сауд Арабия үкіметін және азаматтарына қарсы сотқа бере алады. Терактіні ұйымдастырған 19 адамның 15-і осы елдің азаматтары болған.

Сауд Арабия мен оның одақтастары заң жобасын қабылдаудың теріс салдары болатынын ескерткен. Атап айтқанда, араб елдерінің азаматтары миллиардтаған долларларын америка экономикасынан алуы мүмкін, Парсы шығанағы елдері терроризмге қарсы күрес операцияларына қатысудан бас тартуы мүмкін делінеді.

6f4daf8c-34de-49be-9415-1a69ed1fd9fd_w987_r1_s

Загрузка...