АҚШ елшісі: «Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық құрметіне арнап 50 штат ет асады»

127 просмотров
Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол еліміздің тәуелсіздік алғанының құрметіне АҚШ-тың 50 штатында ет асуды тапсырды. 

Бұл туралы BAQ.kz хабарлайды.

Бұл туралы Елшіліктің фейзбук парақшасында жазылды. Қазақстан мен АҚШ арасындағы 25 жылға жалғасқан татулық пен ынтымақтың белгісі ретінде ол өз таныстарына АҚШ-тың 50 штатында ет асып, соның суретін әлеуметтік желі арқылы жариялауды тапсырды.

Сондай-ақ Елшілік парақшасында «Елші Джордж Крол жанұясымен және Коммерциялық бөлімінің басшысы Пэт Кэссиди жиені Сарамен бірге Род-Айлендтте бірінші #beshintheusa дайындады! USKZ қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын тойлау үшін бізге қосылыңыз, біз 2016 жыл бойы барлық 50 штаттағы бешбармақтың суреттерін жинаудамыз! Instagram-ға #beshintheusa фотосуретін салыңыз немесе [email protected] жіберіңіз. Ас дәмді болсын!» -деп жазылған.

Загрузка...