АҚШ доллары тағы қымбаттады: 1 АҚШ доллары — 345 теңге

30 просмотров

Бүгін Алматыдағы ақша айырбас орындарында АҚШ доллары тағы қымбаттады. Америкалық валюта мұнда 343 теңгеден сатып алынып, 345 теңгеден сатылып жатыр. Ал 22 шілдеге бекіткен ҚР Ұлттық банктің ресми бағамы — 342,23 теңге.

Сарапшылар осы аптада америкалық валюта бағамы 343-346 теңге маңында тұрақтауы тиіс деп санайды. Өйткені өткен аптадан бері халықаралық нарықта құлдыраған мұнай құны тоқтаған. Қазір Brent маркасының бағасы барреліне 47 доллардан сәл асты.

Мұнай бағасының құлдырауы АҚШ-та мұнай өндірісінің күрт көбеюіне байланысты болғанын баса айта кетелік.

Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, бүгін Алматыдағы ақша айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 343 теңгеден сатып алынып, 345 теңгеден сатылып жатыр. Ал кеше осы шетелдік ақша түрі 340-342 теңге аралығында сатып алынып, 343-344 теңге аралығында сатылған болатын. Демек, бүгін АҚШ доллары бүгін тағы да қымбаттады.

ҚР Ұлттық банктің бүгінге белгілеген шетелдік валюталардың ресми бағамы мынандай: 1 евро —377,24 теңге, Ресей рублі — 5,36 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 448,29 теңге, жапон йені— 3,24 теңге, 1 қытай юаны — 51,29 теңге, 1 қырғыз сомы —5,10 теңге, 100 өзбек сумы— 11,61 теңге.

АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 21 шілдедегі таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 342,23 теңге деңгейінде нақтыланды.

Загрузка...