3-мамырда елімізде 1 АҚШ долларының ресми бағамы 1 теңгеге өскенмен, ақша айырбастау орынындағы құнында ешқандай өзгеріс жоқ.
Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбастау орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 335-337 теңге аралығында сатып алынып, 338-339 теңгеге саудаланып жатыр. Демек, кешегі бағаға ақша айырбастау орындарда ешқандай өзгеріс енгізілмеген.
Ұлттық банктің өзге валюталарға қатысты бүгінгі бағамы мынандай: 1 еуро —378,37 теңге, ресей рублі — 5,06 теңге, 1 фунт стерлингі — 487,08 теңге, жапон йені— 3,10 теңге, 1 қытай юаны — 51,33 теңге, 1 қырғыз сомы —4,97 теңге, 100 өзбек сумы— 11,46 теңге.
АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан Қор биржасының 2-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 337,71 теңге деңгейінде нақтыланды.