Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне министрліктің ресми өкілі Әрсен Бектасов мәлім етті.
– Қазақстанда ақпараттық агенттіктер мен әлеуметтік желілерді бұғаттау басталды деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Министрлік жекелеген сайттарды бұғаулаған жоқ. Бәлкім, ресурстардың қолжетімсіз болып тұрғаны – ақпарат ресурстардың орналасқан жеріндегі техникалық сервистің қуаты немесе трафиктің артуы себеп болған шығар, -дейді Бектасов.
Дегенмен, Бектасов хабарлағандай, «24kz» телеарнасы шұғыл хабар таратуға кіріседі.