Нұр-Сұлтан
Қазір
12
Ертең
17
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Ақпарат министрі Дәурен Абаев Ақтөбедегі оқиғаға қатысты пікір білдірді

«Кеше барлығымыз үшін де оңай күн болған жоқ. Лаңкестердің қолынан қаза тапқандардың туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамын, ал зардап шеккендердің барлығының да тезірек сауығуларына тілектеспін.

Біздің полиция мен әскери қызметшілер қазақстандықтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғай отырып, экстремистердің қылмыстық әрекеттерінің соққысын қабылдады. Осындай қиын кезде қоғамдағы тұрақтылық көп жағдайда ақпараттық алаңда орын алып жатқан жайттарға тәуелді болатындығын түсіну маңызды.

Сондықтан Ішкі істер министрлігіндегі әріптестеріме ынтымақтастығы және қоғамда орын алған жайттың егжей-тегжейімен жедел ақпараттандырғаны үшін алғысымды білдіргім келеді. ІІМ баспасөз қызметі жедел жұмыс істеп, түскен ақпараттарды тексеру және жинау мүмкіншіліктеріне байланысы бірден ресми мәлімдеме жасады. Әрине, оған біршама уақыт қажет болды.

Бірақ, ақпараттық вакуум болған жоқ. Бұған қоса, құқық қорғау органдарының нақты ұстанымы жорамалдар мен өсек-аяңның өршуіне жол бермеді және халық арасында үрей туындамады. Біздің журналистерге де кәсібиліктері мен жауапкершіліктері үшін ризашылығымды білдіремін.

Оқиға жайындағы материалдар ресми мәліметтерге сүйенген, ал нақты емес мәліметтер жедел теріске шығарылып отырды. Біз мемлекеттік органдардың ашықтығын арттыру бойынша жұмыстарды жалғастыратын боламыз»,- деп жазды Д.Абаев.

5-маусымда Ақтөбеде лаңкестер Ұлттық гвардияның әскери бөлімшесі мен қару-жарақ дүкендеріне шабуыл жасады. Атыс барысында алты адам қаза тауып, 11 адам жараланды.

Қалада лаңкестікке қарсы режим жарияланды. Ойын-сауық және көңіл көтеретін орындар жабылып, қоғамдық көліктер тоқтатылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз