Ақорда Елбасының жұмыс кестесіне қатысты түсініктеме берді

553 просмотров

Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың денсаулығының жағдайы қалыпты деп мәлімдеді.

Бұл туралы Ақорданың Facebook-тегі жеке парақшасында Zakon.kz порталы жолдаған сауалға берген жауабында жазылды.

Айдос Үкібайдың айтуынша, Елбасы қазір салқын тигендіктен ем алып жатыр. Назарбаевтың денсаулығы қатты алаңдаушылық туғызбайды.

Тілшілер Елбасының жұмыс сапары жайлы да сұраған. Нақтырақ айтқанда, Мемлекет басшысының Әзірбайжан мен Арменияға баратын-бармайтындығын нақтылауды өтінген.

— Бірқатар өзгерістер енгізілді, осы аптаның соңына дейін Елбасының халықаралық шараларға қатысуы жоспарланбаған. Ереванда өтетін ҰҚШҰ отырысына ҚР Премьер-министрі қатысатын болады„ деп мәлімдеді Айдос Үкібай.

Ол осы аптадан кейінгі Президенттің қызметі қалыпты жұмыс кестесіне сай жүргізілетінін баса айтты.

Загрузка...