Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Ақмоланың 50-ден аса елді-мекенінде мәдениет үйлері жұмыс істемейді

188

Облыстық білім басқармасының жетекшісі Балым Ізбасарованың айтуынша, соңғы уақытта өңірде мектепке дейінгі білім беру мекемелері 18 жаңа балабақшамен толыққан. Жыл аяғына дейін қосымша 4 нысан ашылады деп күтіліп отыр. Десе де, Көкшетау қаласы мен Целиноград, Бурабай аудандарында балабақшаға бүлдіршіндердің кезегі азаймай отыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Гүлнәр Құлышеваның хабарлауынша, өңірде қан айналымы аурулары азайған. Биыл облыс бойынша ана өлімі тіркелген жоқ. Алайда, соңғы мәліметтерге жүгінсек, туберкулездің асқынған түрімен ауыратын 10 науқас анықталып отыр.

Облыстық мәдениет басқармасының жетекшісі Сәуле Бөрібаева ауылдардағы мәдениет ошақтары мен кітапхана жұмысын жандандыру мәселесін көтерді.

– Шалғайдағы елді-мекендердегі мәдениет мекемелерін компьютерлендіру аса маңызды болып тұр. Дидактикалық материалдар, түрлі шаралардың сценарийлері міндетті түрде ғаламторға қосылуы қажет. Сондай-ақ, модельді кітапханалар санын да арттыру қажет. Ауданның мәдениет мекемелері толыққанды жұмыс атқарып тұр деп айтуға әлі ертерек. Ауылдық жерлердегі мәдениет мекемелерінің бүгінгі жай-күйі айрықша көңіл бөлетін мәселеге айналып отыр. Өңірдің 50-ден аса елді мекенінде мәдениет үйі жұмыс істемейді. 15 мәдени нысан орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылмаған», – дейді Сәуле Бөрібаева.

Осы тұста облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов шалғай елді-мекендердегі өзі куә болған келеңсіздіктерге қынжылыс білдірді.

– Ауыл әкімдерінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуін көз алдарыңызға елестетіңіздерші. Эстетикалық талғамсыз ескі парталар, скотчпен жабыстырылған линолеумдер, әр жерінен түйреуішпен түйрелген перделер… Көп елді мекенде әлі күнге осы көрініс. Бұл осы селоларды иесіз деген ойларға жетелейді. Сандықтау, Есіл аудандарында мәдениет үйлерін жөндеуге кәсіпкерлерді тартқан әкімдерден неге үлгі алмасқа?, – дейді Нұрлан Нұркенов.

Өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндаған облыстық ішкі саясат басқармасының жетекшісі Айна Мысырәлімова жастар саясаты, діни ұйымдармен жұмыс мәселелеріне тоқталды. Сарапшылардың зерттеуі бойынша жат ағымның жетегінде кеткендердің дені жұмыссыз, оның ішінде басым бөлігі жастар. Жұмыссыздық халықтың кейбір топтарын кедейленуге ғана емес, сонымен қатар, рухани құлдырауға алып келетіндігін айтады Ақмола облыстық жастар саясаты басқармасының жетекшісі Ринат Галлямов.

«Жалпы, аймақта қоғамдық-саяси ахуал тұрақты. Дегенмен, мәселе толық шешілді деуге тағы болмайды. Дәстүрлі дін мен жалған діни ағым арасындағы айырмашылықтар және шектен шығушылықтың неге әкеліп соқтыратынын жастардың санасына сіңіруіміз қажет», – дейді Нұрлан Нұркенов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз