Ақмола облысының Державинск қаласында жаңа аурухана ашылды

15 просмотров

Ақмола облысының Державинск қаласында 70 орындық емханасы бар жаңа аурухана пайдалануға берілді.

Аталмыш медициналық мекеме «350 дәрiгерлiк амбулатория, фельдшерлiк-акушерлiк пункт және емхана құрылысы» мемлекеттiк бағдаралама аясында салынды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жобаның жалпы құны — 2,9 млрд теңге. Корпус қуаттылығы — тәулiгiне 70 адам.

Медициналық мекеменің ашылу салтанатына қатысқан аймақ басшысы аудан тұрғындарын құттықтай келе, құрылыс жұмыстарын жүргізген мердiгер компанияның «Уральскстройинвест» ЖШС-на алғысын білдірді.

— Бүгін жарқайыңдықтар үшін айтулы оқиға. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес, халыққа сапалы медициналық қызмет көсету мақсатында Державинск қаласында 70 орындық емханасы бар жаңа аурухананы пайдалануға беріп отырмыз.

Енді тұрғындар осында қазіргі заманғы озық құралдармен жабдықталған аурханада сапалы медициналық қызмет алатын болады. Алдағы уақытта кадр мәслесін де біртіндеп шешетін боламыз, — деді облыс әкімі Сергей Кулагин құттықтау сөзінде.

Айта кету керек, медициналық мекемеде диагностика, рентгенологиялық, эндоскопиялық, физиотерапиялық, акушер-гинеколог кабинеттері жұмыс істейді.

Загрузка...