Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ақмола облысында жұмысына салғырт қараған 47 село әкіміне айыппұл салынды

Ақмола облыстық аумақтық ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының жетекшісі Манат Әбдірахмановтың айтуынша, биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында өңірде ірі қараны бруцеллезге тексеру жұмыстарының жүргізілуі баяу. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде сібір жарасы дерті тіркелген облыстардан құжатсыз мал тасымалдауға тосқауыл қойылып отыр. Облыс бойынша 47 село әкіміне өз міндеттерін орындамағаны үшін 437 мың теңге айыппұл салынған

Биыл жеке қосалқы шаруашылықтарды пайдалану есебінен ауыл тұрғындарын жұмыспен қамту және агроөнеркәсіп кешен өндірісі көлемін арттыру көзделіп отыр. Облыста 235 мыңнан аса адам жеке қосалқы шаруашылықпен айналысады.

Өңірде ет өнімдерінің 68 пайызы, сүттің 79 пайызы үй шаруашылығының үлесінде екен. Алайда, соңғы жылдары саладағы көрсеткіштер төмендеп кеткен. Мал шаруашылығы өнімдерін көбейту мақсатындағы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша аудандардың барлығында көрсеткіш бірдей емес.

Ақмола облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы Димаш Таласбаевтың берген мәліметтеріне үңілсек, өңірде жемшөп қорын дайындау ойдағыдай емес. Биыл облыста 820 мың тонна шөп дайындау межеленген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есеге төмен. Осы себепті селолық округ әкімдеріне тұрғындардың да өз күштерімен жеке шөп қорын дайындау қажеттігі ескертілді.

– Әкімдер ел тынысына тың леп естіріп, озық идеялар, жаңарулар мен өзгерістерді жалындатуға барынша атсалысулары тиіс. Мемлекет бұған кең мүмкіндіктер ашты. Бұдан былай да ауыл әкімдерінің қызметін серпіліспен ширатуға жеткілікті жағдай бар. Олардың сол деңгейден көрінуіне сенім артамыз, – дейді Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Қадырхан Отаров.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз