Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ақмола облысындағы мәдениет үйі қайта жаңартылады

112

Бұл концерт залы 550 орындық. Облыстық мәдениет сарайының сыйымдылығынан сәл ғана кіші. Кезінде бұл жерде аудандық, тіпті, облыстық деңгейдегі мәдени-мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылған екен. Өкінішке қарай, соңғы 7 жыл бойы концерт залы төбесінен су сорғалап, қаңырап бос тұр. Мәдениет үйінің тозған күйіне қарамастан, мұндағы қызметкерлер өз жұмыстарын еш тоқтатпаған. Қыстың қақаған аязында да қабырғасы қақыраған ғимаратта концерттеріне дайындалып, шығармашылықтарын шыңдай берген екен. Ал, енді аз уақыттан кейін оның барлығы көрген түстей артта қалмақ.

Берген Жұмкей, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі:

– Мәдениет үйі қабылданғаннан кейін, күрделі жұмыс біткеннен кейін мәдениет қызметкерлері ауыл жастарын өздеріне тартып, жаңадан үйірмелер ашылады. Домбыра, би маманы бізге келді, жаңадан қызметке алдық. Бұрын ондай мүмкіндік болмаған.

Күрделі жөндеу жұмыстары биыл жазда басталған. Сыртқы жұмыстардың өзіне ел қазынасынан 28 млн теңге қаржы бөлініпті. Мердігердің айтуынша, мәдениет үйі толықтай қалыпқа келтіріліп, қараша айында ел игілігіне тапсырылады.

Ерлан Тамабаев, мердігер мекеменің өкілі:

– Жуық арада ішкі жөндеу жұмыстарына да кірісеміз. Құрылыс материалдарының барлығы соңғы үлгідегі. Сыртын жөндеп болып қалдық.

Қазірдің өзінде мұнда 8 бірдей шығармашылық ұжым тіркелген. Ал мәдениет үйінің қайта жаңғыртылуы 2 мыңнан астам халқы бар ауыл үшін Тәуелсіздіктің 25 жылдығында үлкен тарту болмақ.

219a8ea089c4561238554ea72a888eed_l

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз