Ақмола облысында бір фирманың басшысын атып кетті

87 просмотров

Ақмола облысында полиция бір фирма директорының өліміне қатысты қылмысты ашу мақсатында жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Бұл туралы Ақмола облысы ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

— 3-қыркүйек күні Есіл аудандық ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің бірінің аумағында ер адамның өлі денесі табылғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен. Полиция марқұмның Знаменка ауылының 52 жастағы тұрғыны, табылған аумақтағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры екенін анықтады.

Алғашқы мәліметтер бойынша, зардап шегушінің оқ жарақатынан көз жұмғаны анықталды.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, арнайы жедел топтар жасақталып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Загрузка...