Ақмола облысында 22 жасар бойжеткен жоғалып кетті

44 просмотров

Ақмола облысының Жақсы ауданында 22-жасар бойжеткен жоғалып кетті.

Бұл туралы Вконтакте тобындағы «Ищу тебя. Астана» парақшасында хабарланды.

«Құрметті достар! Барлығыңызды назар салуларыңызды өтінем! Фотодағы қыз жайында барлық деректер бізге маңызды» делінген хабарламада.

Жоғалып кеткен Мақпал Жолдыбаеваның туысқандарының айтуынша ол тамыздың 16-сы күні Жақсы ауданынан Астанаға келген. Содан бері хабарсыз.

«Ол туралы естіп-білгендерінің болса  8778-595-82-28 нөмеріне хабарласуларыңызды сұраймыз» дейді бойжеткеннің туысқандары.

a868b80adf8473cb7b3862027ee109c8_XL

Загрузка...