А. Күрішбаев: Жерді дамыған мемлекеттерге жалға беру керек

23 просмотров

Жерді дамыған мемлекеттерге жалға беру керек. Бүгін Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссияның отырысынан кейін Экономика бойынша жұмыс тобының жетекшісі Ақылбек Күрішбаев осылай мәлім етті.

photo_7146

«Ауыл шаруашығы техникасын өзімізде шығаруға мән беру керек. Жылына біз 70 млрд теңгеге шетелден ауыл шаруашылығы техникасын сатып аламыз. Одан кейін, өсімдік қорғау препараттары бар, яғни біз шетелден жылына 25 млрд теңгеге пестицид сатып аламыз. Демек, осы саланы қолға алуымыз қажет. Бұл ретте тиімділікке қол жеткізуге жол ашылады»,-деп тоқталды А. Күрішбаев.

Оның пікірінше, инвестиция тек қаржы ғана емес, осы орайда жаңа технологиялар мен білімді ескеру керек. Бұл тұрғыда АҚШ, Канада, Еуропа елдерінен, Австралияның тәжірибесіне ерекше қарау керек

«Жерді жалға бергенде өзіміздің шекаралас мемлекеттерге емес, дамыған елдерге беруіміз қажет. Меніңше ойымша, озық технологиясы бар дамыған елдердің технологиясын кеңінен тартқан дұрыс болады»,-деді жұмыс тобының жетекшісі.

Загрузка...