Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

А. Күрішбаев: Ірі латифундистердің, жер олигархтарының пайда болуына тосқауыл қоямыз

«Жұмыс тобында жалға немесе меншікке берген жерлерге шектеу қою қарастырылды. Бұған толықтай барлығымыз келістік. Әрбір өңірде өзінің ерекшілігі бар. Суармалы жерлер бар, яғни Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан (облысының – агенттік) жерлері, әсіресе, астықты солтүстік өңірлерде шектеу енгізуіміз керек. Атап айтқанда, бір қолға берілетін жерлерде тиісті шектеу болуы қажет, нәтижесінде жердің көп мөлшерінің бір адамның қолына жинақталуын болдырмайтын тетік іске қосылады. Бұл тұрғыда ірі латифундистердің, жер олигархтарының пайда болуына тосқауыл қоямыз», – деп тоқталды А. Күрішбаев.

Бұдан бөлек, жұмыс тобының жетекшісі ауылдық мекендердің қажеттілігі мен болашақта даму көлемін болжай отырып, әрбір елді мекен бойынша жайылымдардың керекті көлемін анықтап, соны бекітуді ұсынды.

«Өйткені, бұл жер көлемі елді мекендердің жайылымдары. Ол жайылымдар бойынша жалға бермеу керек, сатуға да тыйым салу керек. Жайылымдар тек мемлекеттің құзырында қалуы тиіс. Біздің ұсынысымыз осындай», – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз