Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Ақбөкендердің жаппай қырылуының себебін анықтау үшін арнайы экспедиция жолға шықты

278

Экспедиция мүшелері Астанадан 6 мамырда шығып кеткен. Олардың ішінде Қазақстанмен қатар Германияның, Ұлыбританияның, Францияның, Австрияның, Үндістанның, Коста-Риканың ғалымдары мен мал дәрігерлері де бар.

Алғашқы күні олар Державинскіде түнеген. Келесі күні Арқалық қаласынан керек-жарақтарын сатып алған экспедиция мүшелері Амангелді ауданына жол тартқан. Аудандық ветеринария бөлімінің бастығымен жолыққаннан кейін экспедиция екіге бөлінген. Бірінші топ — ақбөкендерді тауып, олар туралы бейнежазба әзірлеуі керек болған, ал екінші топ — жергілікті халықтың үйде ұстайтын малдары, шабындық жерлері жайында деректер жинап, оның қырылған ақбөкендермен қандай байланысы барын зерттемек.

Алдында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ақбөкендердің жаппай қырылуы қайтадан қайталануы мүмкін екенін ескерткен болатын.

Былтыр Қазақстанда 134 мың бас ақбөкен қырылған. Ал ақбөкендердің еліміздегі жалпы саны 300 мыңнан асады. ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі ол кезде „ақбөкендердің өліміне пастереллез деген ауру себеп„ деп қорытынды шығарған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз