9 мың теңге үшін сатушыны 48 жерден пышақтаған азамат ұсталды

47 просмотров

Алматы облысының тұрғыны анасымен жасты сатушыны 48 жерден пышақтап кетті. 51 жастағы әйел қазір ауыр халде ауруханада жатыр. Дәрігерлер оның өмірін арашалап қалу үшін барын салуда.

20160516092343

Алматы полициясының баспасөз қызметі хабарлағандай, 24 жастағы жігіт Бөкейханов көшесіндегі кішігірім дүкендердің бірін тонамақ болады. Түскі 14.00 шамасында  ол 51 жастағы сатушыны соққыға жығып, 48 жерінен пышақ салған.

«Сатушы есінен танып қалған кезде,

тонаушы кассадағы 9 мың теңгені алып тайып тұрған.

Іздестіру тобы күдіктіні ізін суытпай ұстады. Ол Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны болып шықты. Құрықтау операциясы барысында оның қалтасынан суық қару  пышақ табылды. Ол заттық айғақ ретінде іске тіркелді»,

— деді Жетісу аудандық ІІБ басшысының орынбасары Дәулет Сәмбетов.

20160516092347

Қазір күдіктіге қатысты ҚР ҚК 192-бабының 2-бөлімімен қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу шаралары атқарылуда.

Загрузка...