Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

9 мың баланы шетелдіктер асырап алған

«Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекс пен «Балаларды қорғау және баланы шетелдіктер асырап алуға қатысты ынтымақтастық туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңы қабылданғанға дейін республикамызда бала асырап алу күші жойылған «Неке және отбасы» заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылатын.

Қабылданған Кодекстің талаптарына сәйкес қазақстандық азаматтардың бала асырап алу процедурасының жеңілдетілуімен бірге қазақстандық балаларды асырап алғысы келетін шетелдіктер үшін бала асырап алу процедурасы күшейтілді.

Осы жылдың сәуір айында қабылданған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне баланың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңымен бала асырап алу жөніндегі агенттіктерге қойылатын талаптар күшейтілді.

Егер агенттік өзінің аккредитациясынан айырылған жағдайда құзырлы шетелдік мемлекеттік органдарға асырап алынған балалар туралы есепті ұсыну міндеттері жүктеледі, сондай-ақ асырап алынған балаларға қатысты орын алған барлық қайғылы оқиғалар, жағдайлар мен зорлық-зомбылық туралы дереу хабарлау қажеттігі міндеттеледі.

information_items_13622

ҚазАқпарат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз