Осы апта бойына 1 АҚШ долларының ресми құны 6 теңгеге түсті. Ал қазір ақша айырбастау орындарында америкалық валютаны 326 теңгеден сатып алынып жатыр.
9-маусымдағы 1 АҚШ долларының ресми бағамы — 331,59 теңге. Ал ақша айырбастау орындарында бүгін америкалық ақша 326 теңгеден сатып алынса, 332 теңгеден сатылып жатыр.
Kurs.kz сайтындағы деректерге сүйенсек, Алматыдағы ақша айырбас орындарында бүгін 1 АҚШ доллары 326-329 теңге аралығында сатып алынып, 331-332 теңге аралығында сатылып жатыр.
ҚР Ұлттық банктің 9-маусымда бекіткен шетелдік валюталар бағамы мынадай: 1 еуро —376,95 теңге, ресей рублі — 5,14 теңге, 1 фунт стерлингі — 482,07 теңге, жапон йені— 3,10 теңге, 1 қытай юаньы — 50,46 теңге, 1 қырғыз сомы —4,85 теңге, 100 өзбек сумы— 11,30 теңге болды.
АҚШ долларына қатысты ресми бағам Қазақстан қор биржасындағы 8-маусымдағы таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 331,59 теңге деңгейінде нақтыланды.