6 айда 12 мың тонна тағам өнімі жарамсыз деп танылған

28 просмотров

Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше 2016 жылдың алғашқы жартысында 12 мың тонна ішіп-жем өнімі жарамсыз тауар ретінде дүкен сөрелерінен алынып тасталған.

Оған себеп жыл басынан бері жүргізілген 15400 сынаманың 2000-ы жарамсыз, адам денсаулығына қауіпті деп танылған – дейді BAQ.kz тілшісі kapital.kz порталына сілтеме жасап.

 Министрліктің ақпаратына сәйкес, ҚР заңнамасын бұзу туралы 949 ескерту жасалып, әкімшілік құқықбұзушылық бойынша 415 іс қозғалған, оның 209-ы сот органдарына өткен. Сот ісі барысында 182 заңбұзушыға 44 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Одан бөлек, 112 шаруа субъектісі жұмысын тоқтатты.

Сонымен қатар, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында зертхана сынамалары өткен жылмен салыстырғанда көп алынған. Нәтижесінде қауіпті өнімдер де көбірек анықталған: 10,5 сыналған тауардың 3 мыңға жуығы (30 пайыз) санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай келмеген. Жыл бойында жасалған ескертпелер саны 1300-ге жеткен, айыппұлдың жалпы көлемі 45,8 млн теңгені құраса, 136 компания жұмысын тоқтатты.

Соған қарамастан жарамсыз тауар сататындар, уақыты өтіп кеткен өнімді өткізуге тырысатындар саны азаймай тұр.

Загрузка...