40 жасында ана атанған ақтөбелік келіншек елдегі кәрі қыздарға кеңес берді (фото)

137 просмотров

Ақтөбеде 40 жасында алғаш ана болған келіншек қуанышымен бөлісті. 35 жасында тұрмыс құрған ол бес жылдан кейін шекесі торсықтай ұл туды.

Бұл туралы Aktobenews.kz хабарлайды.

“Күйеуіммен 35 жасымда таныстым. Оның қарындасымен бір жерде жұмыс істейтін едім. «Ағаммен таныстырамын» деген соң келістім. Бірақ біраз жасқа келіп қалған соң отбасылы болып, ана атанамын-ау деп ойлаған емеспін. Басыма жазылған тағдырға көніп, кәрі қыз болып жүре беремін деп ойлайтын едім. Қазір тұрмысқа шыға алмай жүрген қыздар көп. Сену керек, өзіңе, өзгеге мүмкіндік беру керек. Тағдырдың өз сыйы болады екен. Ол кісімен танысқаннан кейін бір жылдай сөйлесіп жүрдік. Өзі 40 жаста, ол да мен секілді жүріп қалған екен, үйленбеген. Біз бас қосып, отбасы болуды ұйғардық”, — дейді Индира Күлтемірова.

Безымянный

Келіншек алғашқы жүктілігінде баласын сақтай алмағандығын айтады. Төрт жыл емделгеннен кейін қайтадан сәби көтерген. Өзі 40 жасында, жолдасы 45 жасқа келгенде көрген балаларының атын әкесі Ақжол деп қойған.

“Балалы болатынымызды білгенде күйеуіміз екеуміз қатты қуандық. Бірінші жүктілігім сәтсіз аяқталғаннан кейін есейіп қалған бізде енді бала болмайды-ау дегенді де ойладық. Бірақ Алла маған отбасылы болу бақытын бұйыртса, сәби сүю бақытын да көрсетер деген үмітім болды. Бәріне сену керек екен. Біз бақыттымыз. Кәрі қызбын деп түңіле бермей, қандай жағдайда да бақытты болуға тырысу керек!”, – дейді келіншек.

Загрузка...