4-маусым — Мемлекеттік рәміздер күні

82 просмотров

1992 жылы 4-маусымда Мемлекеттік рәміздер — Ту, Елтаңба, Әнұран бекітілді. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4-маусым «ҚР Мемлекеттік рәміздер күні» болып белгіленді. Ал кеше осы маусым айы бүтіндей мемлекеттік рәміздер насихатына арналатындығы мәлім болды.

ҚР Конституциясы 1995 жылы 3-тамызда референдумда қабылданды. Егемен елдің құқықтық құжаты 9-бөлім, 98-баптан тұрады. Конституцияның 9-бабында ҚР мемлекеттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұранның сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі бекітілген.

Ата заңның 34-бабында әркім республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті екені айтылады.

Мемлекеттік рәміздер белгілі бір елдің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді.

Кеше Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткенін баса айта кетелік.

Онда Мемлекеттік хатшы:

— Осы жылдың наурыз айында Елбасы Жарлығымен Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын мерекелеудің тұжырымдамасы бекітілген болатын. Соған орай жұмыс жоспары қабылданды. Аталған жоспарға, тұжырымдамға сәйкес, маусым айы рәміздер айы деп саналады. Сондықтан, осы айда рәміздерімізді терең насихаттап, жүргізген жұмыстарымызды көрсетуіміз керек, — деді.

Загрузка...