Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

300-ден астам қазақстандық шетелде діни білім алып жатыр

– «Шетелде білім алып жатқан қазақстандықтар – 22-43 жас аралығындағы азаматтар. Басым көпшілігі Мысыр еліндегі ислам әлеміндегі ең көне әрі әйгілі «Әл-Азһар» университетінде оқиды.

Одан кейін азаматтарымыздың көпшілігі Сауд Арабиясы мен Түркияда білім алып жатыр. Шетелдегі діни оқу орындарында білім іздеген отандастарымыздың саны үнемі өзгеріп отырады.

Себебі, біреулері оқуын бітіріп, елге қайтады, енді біреулері оқу қиындығы мен шетелдегі тұрмыстық ауыртпалықтарға шыдамай, Қазақстанға қайта келуге мәжбүр болады», – дейді Дін істері комитеті төрағасының орынбасары.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз