Бала қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті

40 просмотров

Алматыда «Daewoo Nexia» жүргізушісі баланы қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кетті. Жол көлік оқиғасы туралы видеотіркегіштегі бейнероликті Youtube Nureke Abeno есімді қолданушы салған.

1

Оның айтуынша, оқиға өткен жұма күні Әуезов пен Қабанбай көшелерінің қиылысында орын алған. Облыстық мемлекеттік нөмірі бар «Nexia»  көлігі жаяу жүргіншілерге арналған өткелден өтіп бара жатып, жүгіріп шыққан баланы қағып кетті.

Бейнероликте баланың орнынан тұра сала қаша жөнелгені түсіп қалған. Оқиға орнында сәл бөгелген жүргізуші сыртқа шықпастан, әрі өзге жүргіншілердің айтқанын тыңдамастан тайып тұрды.

Қалалық ІІД болған жайтқа қатысты әлі түсініктеме бермеді.

Загрузка...