Бүгін Алматыдағы ақша айырбастау орындарында америкалық валюта 354 теңгеден саудаланып жатыр. Ал ол бір күн бұрын, яғни 27-шілдеде 361 теңгеден, ал оның алдыңғы күні — 26-шілдеде 359 теңгеден сатылған еді.
Бейресми баға құбылып, қайтадан төмендегенімен, ресми бағам тұрақты түрде күн санап өсіп келеді.
ҚР Ұлттық банктің бүгінге белгілеген 1 АҚШ долларының ресми бағамы – 352,13 теңге.
Кurs.kz сайтындағы дерекке сүйенсек, бүгін Алматыдағы ақша айырбастау орындарында 1 АҚШ доллары 351,5-353 теңге аралығында сатып алынып, 354-356 теңге аралығында сатылып жатыр
ҚР Ұлттық банктің өзге шетел валюталарына қатысты 27-шілдеге белгілеген бағамы мынандай: 1 евро – 387,20, РР – 5,33, 1 фунт ағылшын фунт стерлингі – 460,80, жапон йені – 3,34, 1 Қытай юаны – 52,80, 1 қырғыз сомы – 5,24, 100 өзбек сумы – 11,94 теңге.
27 шілдедегі Қазақстан қор биржасындағы кешегі екі кезеңдегі сауда-саттық операцияларының қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 352,13 теңге болып белгіленді.
ҚР Ұлттық банкі АҚШ долларының қымбаттауын халықаралық нарықтағы мұнай бағасының арзандауы және ресейлік рубльдің құнсыздануымен түсіндірген болатын.